Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да нұротандықтар «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынып жатқан тас жолдың сапасын тексерді

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2017
  • 2801

«Орал-Тасқала» бағытындағы автокөлік жолын жөндеп, кеңейту жұмыстарының бір бөлігі биыл тапсырылады. Қалғаны келесі жылы аяқталмақ.  Бұл туралы бүгін «Нұр Отанның» аймақтағы филиалы жанынан құрылған комиссия тексерісі кезінде белгілі болды.

Айта кетейік, бұл жұмыстар 2015-ші жылы басталған болатын. 136 шақырымдық жол Қазақстан мен Ресейді жалғайды. Бұл «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында салынып жатыр. Оған Ұлттық қордан 25 миллиард теңге бөлініпті. Арнайы комиссия мамандары жаңа жолдың сапасын жоғары бағалады. Айтуларынша, аптап ыстық пен үскірік аязға төзімді жұмсақ асфальт төселіп, ені 9 метрге дейін ұлғайтылады. Жаңа технологиямен салынған жол кемінде 15 жылға жарамды көрінеді. Көлік дәлізі 1970 жылы салынғалы бері жөндеу көрмеген. Екі елді жалғайтын тас жол толықтай аяқталсымен, мұндағы көлік қозғалысы екі-үш есеге көбейеді деген болжам бар.

Аветик Амирханян, «Нұр Отан» партиясы БҚОФ фракциясы жанындағы «көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту» комиссиясының төрағасы:

Қаңтар-сәуір айларында қиыршық тасты жеткізу ісінде кедергілер болған. Кейін бұл мәселе шешілгенде, жаңбыр жиілеп кетті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жұмыс берілген кестеге сай жүріп жатыр. Жұмысшыларға да лайықты жағдай жасалған. Компания жұмысына көңіліміз толады.