Русский Сайттың толық нұсқасы

Польша павильоны көгілдір отын технологиясын ұсынды

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2017
  • 2648

Польша павильоны көгілдір отын технологиясын ұсынады. Белгілі болғандай, егер тас көмірді арнайы өңдеуден өткізсе, табиғатты ластау көрсеткіші анағұрлым азаятын көрінеді. Сондықтан поляктар көмір қуатына әлі де сұраныс болатынына сенімде.

Анджей Стефанский, «ЭКСПО-2017» Польша павильонының комиссары:

Біз көгілдір отынның ерекше технологиясын көрсетеміз. Оның қалдық шығаруы дәстүрлі көмірге қарағанда 80 пайызға төмен. Мен барша қазақстандықтарды осындай бірегей мега жобаның сәтті іске асырылуымен құттықтаймын! Көрменің тақырыбының аясы кең әрі маңызды. Сондықтан бұл істің басы-қасында болғанымыз үшін ризамыз.