Бүгін ЭКСПО көрмесі аясында Бейжің аптасы басталды. Қытай павильонында опера әртістерінің өнерінен бастап, акробаттар, у-шу сынды спорт түрлеріне дейін мәдени шаралар дайындалған. Ұйымдастырушылар шоу-бағдарламалар арқылы келушілер аспан асты елінің салт-дәстүрімен, мәдениетімен жіті таныса алады дейді. Жалпы павильон жұмысына 23 провинцияның өкілдері ат салысып жатыр.
Ван Цзиньчжэн, Қытай павильонының ұлттық комиссары:
Павильон
тақырыбы - "Болашақ энергиясы - жасыл жібек жолы". Біз еліміздің жаңа энергетикалық өндіріс
қабілетін паш етудеміз. Санамыз әрі тәжірибемізбен бөлісіп, "Бір белдеу - бір жол" бастамасы аясындағы концепцияның дамуын насихаттаудамыз.