Русский Сайттың толық нұсқасы

ЭКСПО алаңында Бейжің аптасы бастау алды

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2017
  • 2787

Бүгін ЭКСПО көрмесі аясында Бейжің аптасы басталды. Қытай павильонында опера әртістерінің өнерінен бастап, акробаттар, у-шу сынды спорт түрлеріне дейін мәдени шаралар дайындалған. Ұйымдастырушылар шоу-бағдарламалар арқылы келушілер аспан асты елінің салт-дәстүрімен, мәдениетімен жіті таныса алады дейді. Жалпы павильон жұмысына 23 провинцияның өкілдері ат салысып жатыр.

Ван Цзиньчжэн, Қытай павильонының ұлттық комиссары:

Павильон тақырыбы - "Болашақ энергиясы - жасыл жібек жолы". Біз еліміздің жаңа энергетикалық өндіріс қабілетін паш етудеміз. Санамыз әрі тәжірибемізбен бөлісіп, "Бір белдеу - бір жол" бастамасы аясындағы концепцияның дамуын насихаттаудамыз.