Русский Сайттың толық нұсқасы

«Дю Солей» циркінің дайындаған қойылымның премьерасы өтті

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2017
  • 1807

«Дю Солей» циркі дайындаған эксклюзивті қойылымның премьерасы өтті. Рефлект деп аталатын шоу тек көрермен үшін ғана емес, әртістердің өзіне де жаңалық болғалы тұр.  Себебі  бұл цирк тарихындағы алғашқы тәжірибе. 9  айлық дайындық жұмысына 160 маман жұмылдырылыпты. Қойылымға сақадай сай 35 әртіс көрерменді таң қалдыруға дайын.

Бернар Пурье,  «Дю Солей» циркі павильонының директоры:

Шоуда алтын түстің көбірек қолданылуының өзіндік идеясы бар. Біз қазақ тарихында алтын адамның болғанын білеміз. Және бұл үлкен мағынаға ие. Сондай-ақ, жылқылардың да алар орны ерекше. Бұл еркіндіктің белгісі ғой. Бұл аттардың барлығы қолмен жасалған.

Қойылымдағы әрбір қадам, әр көрініс түгелдей есептелген. Тұтас идеяны жеткізу үшін авторлар 1 жыл бұрын қазақ музыкасы мен өнерін, мәдениетін толық зерттеп шығыпты. Қазақ халқының қонақжайлылығын көрген олар: "Сіздерге алғыс айтар кез келді", - дейді.