«Дю Солей» циркі дайындаған эксклюзивті қойылымның премьерасы өтті. Рефлект деп аталатын шоу тек көрермен үшін ғана емес, әртістердің өзіне де жаңалық болғалы тұр. Себебі бұл цирк тарихындағы алғашқы тәжірибе. 9 айлық дайындық жұмысына 160 маман жұмылдырылыпты. Қойылымға сақадай сай 35 әртіс көрерменді таң қалдыруға дайын.
Бернар Пурье, «Дю Солей» циркі павильонының директоры:
Шоуда алтын түстің көбірек қолданылуының өзіндік идеясы бар. Біз қазақ тарихында алтын адамның болғанын білеміз. Және бұл үлкен мағынаға ие. Сондай-ақ, жылқылардың да алар орны ерекше. Бұл еркіндіктің белгісі ғой. Бұл аттардың барлығы қолмен жасалған.
Қойылымдағы әрбір қадам, әр көрініс түгелдей есептелген. Тұтас идеяны жеткізу үшін авторлар 1 жыл бұрын қазақ музыкасы мен өнерін, мәдениетін толық зерттеп шығыпты. Қазақ халқының қонақжайлылығын көрген олар: "Сіздерге алғыс айтар кез келді", - дейді.