Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық музейде «Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі» көрмесі ашылды

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2017
  • 7504

ЭКСПО-2017 көрмесіне орай ұлттық музейде «Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі» деп аталатын көрме ашылды. Онда Бейбарыс сұлтанның өмірі мен ел билеу тарихын баяндайтын ислам өнері музейі жинағынан тың жәдігердің 22 данасы қойылған. Көрменің мақсаты аты айтып тұрғандай - Мысыр мен Сирияға билік жүргізген мәмлүк сұлтаны Бейбарыстың өмірі мен сол дәуірдің тарихын көрсету. Көрме 10-шы тамызға дейін жалғасады.

Хайсам Салах Камел Ибрагим, Египет Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

Жалпы осындай құнды жәдігерлерді, соның ішінде Сұлтан Бейбарыстың өзі пайдаланған кей құралдарды шетел асыру - күрделі жұмыс. Бірақ Қазақстан мен Мысыр арасындағы жақсы қарым-қатынастың арқасында бұл мүмкін болып отыр. Сұлтан Бейбарыс тек Мысыр сұлтаны емес, білдей Ислам әлемінің билеушісі болған. Түбі түрік. Оның тұсында Мысыр қуатты мемлекетке айналды.