Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұротандықтар «Ардагерлер үйінің» жұмысымен танысты

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2017
  • 4670

Шымкентте ардагерлер демалатын орындардың санын әлі де арттыру керек. Облыстық ардагерлер үйінің тынығушылары қарттардың жағдайын біле келген «Нұр Отан» партиясының  өкілдеріне осындай тілектерін жеткізді.

«Ардагерлер үйі» тек тынығу орны ғана емес. Мұнда келушілердің  денсаулығын нығайтуға да көп мүмкіндік жасалған. Қазіргі заман талабына сәйкес озық технологиялы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Аталмыш демалыс орнында жыл сайын төрт мың адам демалып, ем қабылдайды. Олар негізінен соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Батыр аналар мен зейнеткерлер. Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстанда зейнет жасындағы кісілерге ақысыз қызмет көрсететін екі медициналық-әлеуметтік мекеме бар.

Өмірзақ Мелдеханов, «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының  төрағасы:

Көрдік, 200 адам демалып жатыр екен. 200 адамға бір мезетте тамақтанатын жағдай жасалған. Ал енді көпшілік жерде бірінен кейін бірі кезектесіп тамақтанса, бұл жерде бір мезетте тамақтанады. Содан кейін барлығына жағдай жасалған медициналық профилактикалық көмек берілетіндей жағдайы бар.

Афанасий Ржаной, соғыс ардагері:

Осындай сауықтыру орындарының көп болғаны жақсы. Қазір зейнет жасындағылар көп. Бәрінің тегін ем алып, демалғысы келеді. Бірақ барлығына мұндай мүмкіндік жоқ. Сондықтан «Ардагерлер үйі» тағы да ашылса деймін.