"Астана" телеарнасы Халықаралық ЭКСПО көрмесінен тікелей көрсетілімдер ұсына
бастады. Бүгін алғашқы шығарылым көрермен бағасын алып үлгерді. Ал ертең ЭКСПО
аумағындағы Ұлттық павильонымыз Нұр әлемнен тілшіміз Дәуренбек Бағдаулетұлы
тікелей қосылады.
Тақырып - ғарыш айлағындағы энергия көздері. 5 минут
бойы сіздер төл павильонға қойылған айрықша дүниелермен танысасыздар. Мұндағы
жаңашылдықтар көптеген келушілердің назарын аударып үлгерген. Ендеше, ертең, 20
маусымда, сағат 16.00-де "Астана" арнасынан тамашалаңыздар.