Русский Сайттың толық нұсқасы

Марқұм болған адамның ағзаларын алуға қатысты «келісім презумпциясы» деген ұғым бар - Е.Біртанов

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2017
  • 4825

Марқұм болған адамның ағзаларын алуға қатысты елімізде "келісім презумпциясы" деген ұғым бар. Адам қайтыс болардан бұрын ішкі ағзаларын донорлыққа алуға қарсы екенін жазып қалдырмаса, ол келісті деп есептеледі. "Марқұмның бүйрегін дәрігерлердің алғаны дұрыс па" деген мәселеге қатысты денсаулық сақтау министрі осылай деді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Мәселен, адам жол көлік апатынан қайтыс болса, басқалардың өмірін сақтап қалу үшін, дәрігерлер оның ішкі мүшелерін ала алады. Себебі ол тірі кезінде қарсы болған жоқ деп есептелінеді. Бұл халықаралық норма, бізде де қабылданған. Ішкі мүшелерді барлық жағдайда алу мүмкін емес. Ол үшін талапқа сай болуы керек. Ал оны арнайы  координация орталығы анықтайды.

Ақтөбеде қайтыс болған жігіттің бүйрегін алған дәрігерлерді марқұмның туыстары сотқа бергені жайлы кешегі жаңалықтарымызда хабарлаған едік. Бүгін бұл іске қатысты сот тыңдалымы өтті. Дегенмен, жауапкерлер сотқа келген жоқ. Ал облыстық ішкі істер басқармасы тарапынан  сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүруде.