Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда сәулетті жеке үйлердің иелері мемлекетке 36 млн теңге берешек

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2017
  • 5035

Алматының қарапайым тұрғындары осылай деп шырылдаса, сәулетті де зәулім жекежайда тұратын бай манаптар мемлекетке 36 млн теңге берешек екен.  Бұл туралы Медеу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары айтты. Үйлер негізінен «Көктөбе», «Люксор», «Эдельвейс» сияқты шағын аудандарда орналасқан. Бас аяғы 124  зәулім үйдің қожайыны өткен жылы салық төлеуден жалтарған. Борышкерлердің арасында  елге есімі белгілі тұлғалар жетерлік. Азаматтар жуық арада  мемлекет алдындағы берешегін өтемесе, құзырлы органдар олардың атын атап, түсін түстеуге дайын. Жеке тұлғалар салықты бірінші шілдеге дейін төлеуі тиіс. Кешіккен жағдайда сот көмегіне жүгінуге тура келеді,- дейді мамандар. 

Қуаныш Түменбаев, Алматы қаласы Медеу аудандық мемлекеттік кірістер  басқармасы басшысының орынбасары:

«Көктөбе» ықшам ауданында 1,5 мың квадраттық ғимарат соңғы екі жылда салық төлемеген. Бұл ғимарат бойынша салық сомасы бүгінгі күні 1,5 млн теңгені құрап отыр. Осы азаматтардың банктік есептік шоттары бойынша тоқтау  қойылады. Шетелге шығу мүмкіндігіне тыйым салынады.