Ұлттық ойынды меңгеру арқылы жас ұрпақтың бойында патриоттық рух қалыптасады. «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының өкілдері «Алау» балалар шипажайында тағылымды шара өткізді. Мақсат - қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау. «Арқан тартыс», «Ханталапай» сынды ойын түрлерін күнделікті тұрмысқа енгізу арқылы дені сау, зейінді ұрпақ тәрбиелеуге болады. Қазір шипажайда тыныс жүйесі ауруларына шалдыққан 3 пен 7 жас аралығындағы жүзге жуық бала ем алып жатыр. Денсаулықты нығайтуға септігін тигізетін шаралар партияның қолдауымен «Бақытты балалық шақ» бағдарламасы аясында жалғасын таппақ. Балалар спортын дамытуға қазынадан 200 миллион теңге бөлінген.
Камал Жамангөзов, «Нұр Отан» партиясы Бостандық АФ партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Рухани
жаңғыру неден басталады? Осы ұлттық сана
сезімнен, осында ұлттық ойындарды өткізген соң, өзіміздің қазақтың салт-дәстүрін көтеріп, балаларға үйретіп, солар біздің ойындарымызды ұмытпасын деген, сондай мақсатпен өткізілген.