Русский Сайттың толық нұсқасы

Қасиетті айда 7 баланы жалғыз асырап отырған ананы алдаған имансыздар...

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2017
  • 3577

Қасиетті Рамазан айында алаяқтардың қармағына түсеміз деп кім ойлаған? Жұмыссыз, панасыз отырған жеті баланың анасы қызылордалық Айгүл Нұрмановаға «көмек берейік деп едік»,- деп, өзін «Жібекпін» деп таныстырған әйел, біздің арнамызға Өскеменнен хабарласып тұрғанын жеткізген болатын. «Жібектің» Оразада сауапқа батып, шырылдап отырған көп балалы анаға қол ұшын созып, қомақты қаражат аударғысы келетінін естіген біздің төбеміз көкке жетті. Өйткені Айгүлдің өзінің туған жерінде көмек беріп жатқан сол баяғы, қарапайым жұрт. Алайда «өскемендік Жібек» ақыр соңында алаяақ болып шықты.  Жібектен соң оның танысы «Жеңіс» есімді ер кісі хабарласыпты, Айгүлге. Ол да уәдесі мен жылы сөздерін жаудырып, байқұс ананың жүрегін елжіреткен. Ал содан соң бір шоттың нөмірін беріп, соған ақша салу керектігін айтқан. Оны тексеріс үшін яғни, есеп беру үшін керек деп, алдаған. Жоқтықтан өзі жер тырнап отырған жеті балалы әйел қарызға, қарызға болғанда да өсіммен ақша алып, салып жіберген. Ойында түк жоқ. Алла атымен ант еткен кісілер алдайды деп ойласын ба?! Енді алаяқтардың ұялы телефондары әрине, өшіп тұр. Айгүл 32 мың теңге аударған шоттың егесінің аты-жөні: Мырзаханова Әйгерім. Екі күн төсек тартып, ауырып қалған Айгүл қалалық ішкі істер бөліміне арызданды. Істің жүруін біз де бақылауға аламыз.  

Айгүл Нұрманова, көп балалы ана:

Өздерін кәсіпкерміз деп таныстырды. Жібек апай звондап, 500 мың тенге осы ораза айына байланысты бала-шағама көмек беретінін айтты. Артынша 10 минуттан кейін Жеңіс деген кісі звондап 400 мың теңге көлемінде менің есеп-шотыма аударып, бала-шағама жаратуымды айтып түсіндерген болатын. Мен бір счет берем сізге, сол счетке маған 42 мың ақша аударуымды өтінді. Мен бірақ аяқ астынан 42 мың теңге ақша таппай, процентке 30 мың теңге ақша таптым. Сол счетка азанда мынау Мырзаханова Әйгерім Құсаинқызыны 32 мың теңгені счетына аудардым. 32 мың тенгені аударғаннан кейін маған хабарлама келді, ұялы телефоныма: сізге 935 мың теңге көлемінде ақша аудардық, сағат түске екіде алып, игілігіме жаратуымды хабарлама арқылы жазды. Мен сол ақшаны қатты күттім, олар маған жылы сөздерін айтып, сіз батыр анасыз, ешқандайда қорықпаңыз, жыламаңыз, біздің ораза айында сізге беріп жатқан көмегіміз, бізде тіпті жұмысшылар бір айлығын беріп жатқанын айтып, мені сендірді, мені арбауларына олар түсірді.

Алаяқтар - Жібек пен Жеңіске перпендикуляр қоятын мынадай штрих: Финляндияның бұрынғы президенті Тарья Халонен мен Rovio Mobile компаниясының басшысы, Angry Birds ойынын шығарушы Питер Вестербака «Құтқару армиясы» деген қайырымдылық компнаиясының жарнама науқанына қатысқан. «Сәтсіздікке әркім ұшырауы мүмкін» деген шара аясында өздеріңіз көріп отырғандай, үйсіз-күйсіз адамдардың образын сомдаған. Мақсат – кедей, түгі жоқ адамдарға қаржы жинау.