Русский Сайттың толық нұсқасы

Елорда билігі Париждің қалдықты жинау және өңдеу тәжірибесіне жүгінгелі отыр

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2017
  • 2799

Астана билігі француздардың қоқыс жинау және өңдеу тәжірибесіне жүгінбек. Бұл туралы қала әкімнің орынбасары Малика Бектұрова мәлімдеді. Оның айтуынша, шахардағы тұрмыстық қалдықтардың басым бөлігі қайта өңделеді. Алайда, шетелдің тың тәсілін қолдану күл-қоқыс мәселесін түбегейлі шешу үшін тиімді болмақ.

Семинар барысында Syctom операторының өкілдері тәжірибесімен бөлісті. Қалдықтан өндіріс қуатын өндіру бойынша жаңа әдістер енгізіп отырған бұл оператор - Еуропа елдеріндегі қатты қалдықтарды қайта кәдеге жарататын ірі кәсіпорынның бірі. Тұрмыстық қалдықты қайта өңдеу тақырыбындағы семинарға астанадағы коммуналдық қызмет өкілдері қатысты. Қазір елорда аумағында қоқыс өңдейтін жалғыз зауыт жұмыс істейді. Оның қуаттылығы тым төмен.

Малика Бектұрова, Астана қаласы әкімінің орынбасары:

Бізге Париждің тәжірибесі қызық болып тұр. Тұрмыстық қалдықтар мәселесі өзекті. Халық саны күн санап өсуде. Құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Осының бәрі  күл-қоқыс көлемінің артуына ықпал етеді. Елордалықтар үшін ең маңыздысы қаланың құрылысымен қатар инфрақұрылымының қолайлы болуы.