Русский Сайттың толық нұсқасы

Оңтүстік Қазақстанда кене шаққан екі адам қайтыс болды

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2017
  • 2837

Оңтүстік Қазақстан облысында қырым қанды қызбасынан екі адам қайтыс болды. Оның бірі - 13 жасар бала. Бәйдібек ауданыны Шаян ауылында тұратын жасөспірімнің өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады. Ол ауруханаға түскен соң араға бір күн салып қайтыс болған. Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. Қырым қанды безгегін жұқтырған баламен байланыста болған 23 адам оқшауланған. Оның 20-сы медицина мамандары екен.

Бұған дейін кенеден келетін кеселден Отырар ауданы Маяқұм аулының 53 жастағы тұрғыны да ауруханаға жатқызылған еді. Араға төрт күн салып ол кісі де бақилық болған.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ