Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасында волейболдан Қазақстан чемпионаты өтті

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2017
  • 3231

Ақтау қаласында мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында волейболдан ел чемпионаты өтті. Қостанай, Орал, Шымкент және Қызылордадан келген спортшылар бас жүлде үшін бақ сынады.

Маңғыстау облысында параспортсмендердің қатысуымен өтетін спорт 1991 жылдан дами бастады. 2004 жылы өңірде арнайы клуб құрылды. Қазірде оның құрамында 225 спортшы бар. Айта кетері, барлығы республикалық және халықаралық жарыстардың белсенді қатысушылары. Ал бүгінгі жарысты «Нұр Отан» партиясы мен мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды.

Нұралы Құлышов, мүгедектерге арналған Маңғыстаулық спорт клубының директоры:

Бұл чемпионат тірек-қимыл аппараттары зақымдалған спортшылар арасындағы ойын. Көбіне аяқ-қолдары ауыратын спортшылардың арасында өтеді. 

Мерей Исаев, «Нұр Отан» партиясының Ақтау қалалық филиалының кеңесшісі:

"Спорт барлығына тең мүмкіндіктер" деген атпен өткізіліп жатқан шара. Біздің жалпы "Кедергісіз келешек" жобасының мақсаты - бұл мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыру.