Тайланд бизнесмендері қазақстандық кәсіпкерлермен серіктестік орнатуға ниетті. ЭКСПО көрмесі аясында бүгін қос ел кәсіпкерлері бір - бірімен танысып, жан-жақты пікір алысты. Тай елінен 16 кәсіпкер фармацевтика, көлік бөлшектері, парфюмдер мен басқа да бағытта сауда-саттықтарын әкелсе, біздің ел тарапынан 40-қа жуық кәсіпкер өтімді тауардың қыр-сырын біліп, оны біздің елге тиімді жолмен тарту көздерін қарастырды.
Киттинанд Ыингчароен, Таиланд Корольдігінің коммерция жөніндегі министрі:
Екі ел арасындағы логистикалық байланыс аса қиындау екенін ескерсек, бастапқы кезде қиыншылықтар кездеседі. Алайда, кейін қос тараптық келісімнің орасан зор пайдасын көрер едік.
Жақсылық Құлтұрсынов, "Сарыарқа" кәсіпкерлер қауымдастығының бас директоры:
Әрине,
Таиланд кей сала бойынша бізден озып кеткен. Біз осы кездесу нәтижесі бойынша
қай сала бізге керек, қай саланың технологиясы озық, соны анықтағымыз
келеді.