Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы бірқатар шенеуніктерді қабылдады.

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2017
  • 2919

Су тасқыны болуы мүмкін аймақтарда жаңа су қоймаларын салу қажет. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма жүктеді, - деп хабарлайды Ақорда. Елбасы қабылдауында болған Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев бірқатар мәселелерді баяндады. Ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды. Президент су деңгейінің көтерілуі мен тасқын қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік беретін жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл Астана мен өңірлерге қатысты. Сондай-ақ Елорда маңындағы су қоймалары мен көлдердің туристік әлеуетін арттыру қажеттігіне тоқталды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Кең бидайық су қоймасын жасау керек, екінші - су қоймасын да зерттеңдер, көптеген облысты судан аман алып қаламыз,  төңіректе қанша суармалы жер болады. 

Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевты қабылдау кезінде көгалдандыру шараларына тоқталды. Астана төңірегіндегі «жасыл белдеу» аясында ағаш отырғызуды дамыту жайын айтты. Республикалық маңызы бар  Астана-Шортанды және Астана-Қарағанды тас жолдарының бойында ағаш егу қажет дей келе, Елорда саябақтарын жақсарту мен Астананың сол жағалауында ботаникалық бақ өсіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.