Русский Сайттың толық нұсқасы

7 жасар баланың анасы ұлын балалар үйіне өткізуге қарсы емес

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2017
  • 3084

Шымкентте 7 жасар баласын өлімші етіп сабап, мүгедек ете жаздаған ана ұлын балалар үйіне өткізуге қарсы емес. Аналық құқығынан айыруға да келісетіндігі туралы тілхат жазып берген. Бұл ақпаратты біздің арна тілшілеріне Ордабасы аудандық білім бөлімінің маманы айтты. 

Бақберген Сәрсенбеков, Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскер:

Құжаттардың барлығы сотқа, облыстық кәмелетке толмағандардың сотына ұсынылды. Қазіргі таңда анасында екінші қызы бар он айлық. Екінші баласына қатысты қазір ішкі істерден бізге арнайы хат түсті, хабарлама хат. Осы екінші баласын тиісті жерге орналастыру жөнінде. Ол жөнінде де біз қазір құжаттарды толық жинақтап, өзіміздің аудан әкімі жанындағы комиссияға ұсындық, осы баланы тиісті жерге орналастыру жөнінде.

Еске салайық, 7 жасар науқас облыстық балалар ауруханасына Ордабасы аудандық ауруханасынан ауыстырылған. Ауыр жағдайда жеткізіліген бүлдіршіннің денесінде күйік іздері де болған. Жақында жансақтау бөлімінен шыққан бүлдіршін әлі бір аптадай дәрігерлердің бақылауында болады. Ордабасы аудандық  білім бөліміндегілер балақайды алдағы аптада Шымкенттегі бейімдеу орталығына орналастыратындарын мәлімдеді. Облыстық балалар ауруханасындағылар бүлдіршіннің денсаулығы жақсы дегенді айтып отыр. Бас дәрігердің орынбасары Болат Нұсқабаевтың айтуынша, бір қол, бір аяғы қимылдауы қиын балақайдың толықтай сауығып кетуіне мүмкіндік бар. Тек ол үшін оңалту жұмыстарын үзбеу керек, - дейді дәрігерлер.