Русский Сайттың толық нұсқасы

Жұмысына селқос қарайтын мамандарға мемлекеттік қызметте орын жоқ – Б.Әбдірайым

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2017
  • 2313

Валентина Яковлеваның мемлекеттік органдар мен сот табалдырығын тоздырып жүргеніне 2 жылдан асқан. Осыдан 23 жыл бұрын "жұмыс орнынан" берілген үйін сот мемлекеттікі деп шешім шығарған. Бұл мәселесін біржақты ету үшін ол «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіпті. Валентина Ивановнаның құқығын қорғап жүрген Алтын Жандосованың айтуынша, бұл проблеманың бүгін шешілер түрі жоқ.

Екі пәтер де мемлекеттің тіркеуінде жоқ. Сонда да болса, мемлекет бұл кісілерді пайдалану құқығынан айырып, қолдарында ордері бар. Қазір далада қалды.

Партиядағы қоғамдық қабылдаудың форматы жаңарған. Қазір халықтың сауалдарына бірден жауап беру үшін тиісті органдардың өкілдері де қатысады. Азаматтардың уәжін тыңдаған мәжіліс депутаты Бақытжан Әбдірайым кездесуге дайындықсыз келген "мамандардың кәсіби біліктілігі төмен" деп баға берді.

Бақытжан Әбдірайым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Департамент жильяның қызметкері бүгінгі біздің кездесуге келгенде, бүгінгі мәселе бойынша дайын болмаған. Ол біріншіден. Екіншіден, қабылдауға келген адаммен дау бастады. Ол халықпен, адамдармен жұмыс істей алмайды деген сөз. Қалалық әкімге хат жібереміз. Мұндай қызметкерлерді жұмыста істеуге болмайды. Солардың проблемаларын тыңдап алса, жолын дұрыстап түсіндіріп берсе, заңға сүйене отырып айтып берсе, адам, халық түсінеді ғой.