Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда сот орындаушылары 400 көлікке арналған тұрақты сүре бастады

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2017
  • 2908

Алматыда 400 көлікке арналған даулы автотұрақ ақыры сүріліп тынды. Қолдарында соттың  қаулысын ұстаған сот орындаушылар тұрғындардың наразылығына қарамай, көліктер тұрағын тас-талқан етті. 40 жылдан бері осы жерді пайдаланып келген жандар, көлік тұрағын сүруге келген бірнеше жұмысшы мен техниканы көргенде, етегі жасқа толды. Тіпті ызаға булыққан тұрғындар техника жолын бөгеуге әрекеттенді. Бірақ аталған аумақ мемлекет иелігінде болғандықтан, заң талаптарына бәрінің бағынуы керектігін сот орындаушылар жіті  ескертті. 

Рамиля  Қайырбекова, қала тұрғыны:

Біз мұнша машинаны, 400 машинаны, қоя алмаймыз есіктің алдына. Есіктің алдына бізде балалар алаңы бар, соны алып тастаймыз да, мына 400 машинаны сол жерге қойыңыздар, дейді. Үйдің арасына. Ал оны қалай қоямыз? Біз қалай демаламыз? Балаларымыз қай жерде ойнайды?

Үлкен Алматы өзені бойындағы 1 гектардай жер үшін тартыс 2012 жылдан бері басталды. Бірнеше рет сот отырысы өтіп, жерді мемлекет иелігіне қайтару туралы шешім шыққан. «Астана құрылыс» компаниясы бұл жерге көп қабатты тұрғын үй салу жоспарын ұсынған. Ал жер телімін уақытша жалға алған «Темірлан» серіктестігінің пайдалану мерзімі аяқталғанымен, тұрғындар жерді босатуға асықпаған.