Русский Сайттың толық нұсқасы

Жер реформасына байланысты Комиссияның екінші отырысы

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2016
  • 1365

Бүгін Жер реформасына сәйкес құрылған Комиссияның екінші отырысы өтті. Мөлдір Бақытқызының материалы.

Жер кодексін қайта қарайтын комиссияның екінші отырысына 67 адам қатысты.  Алғашқы жиыннан кейін Зәуреш Батталова мен Мақсат Нұрыпбаев комиссия құрамынан шығатындарын мәлімдеген. Бүгінгі жиын бұған дейін құрылған төрт жұмыс тобының жетекшілерін сайлаудан басталды. Дауысқа салу арқылы. Бірнеше кандидатура ұсынылды. Жетекшіліктен бас тартқандар да, кейбір кандидаттарға қарсы шыққандар да табылды.  

Марат Шибутов, саясаттанушы, Комиссия мүшесі:

Давайте, чтобы руководителями рабочих групп не были министры и представители власти! Чтобы нас потом народ не обвинял, что опять мы пошли на поводу у власти.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Комиссия төрағасы

Насколько я понимаю, министры сами особым желанием не горят. Потому что у них своей работы хватает.

Сөйтіп, көпшілік дауыспен экономикалық бағыттағы жұмыс тобын - Ақылбек Күрішбаев, құқытық бағыттағы жұмысын тобын – Мұхтар Тайжан, ақпараттық, түсіндіру жұмыс тобын –Мұрат Әбенов,  жер реформасы комиссиясы шешімдерінің орындалуын қадағалау жөніндегі жұмыс тобын - Дос Көшім басқаратын болды.

Бүгін  жерді қазақстандықтарға сату- сатпау талқыға түсті.

Мұхтар Құл-Мұхаммед, Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары: 

Елбасы не үшін мораторий жариялап отыр. Талқылап отырған заң жобасында шикіліктер көп. Соның бірі Қазақстан азаматтарына жерді жекеменшікке сату. Бірақ жалға беруге болмайды дейді. Осы уақытқа дейінгі қолданылып отырған кодексте жалға беру де болған. Жеке меншікке беру де болған.

Академик Кенжеғали Сағадиев Қазақстанды  жерді мүлдем ұқсатпайтын елдер  қатарына жатқызды. -Жалпы ішкі өнімнің 20 пайызын беретін ресурс, бүгінде 4 есе аз табыс әкеледі-, деді.Академик  меншіктегі жер, қаражат қолбайлау болып отырған шаруаларға несие алу үшін, кепіл болады, деген де уәж айтты. 

Кенжеғали Сағадиев, академик, Комиссия мүшесі:

Осы Қазақстан азаматтарына жер сатуды, меншігінн сатуды қолдаймын. Егер осылай беретін болса онда жердің деректі иесі болады, ол жердің құнарын сақтауға, тиісті өнім алуға оның ынтасы болады.

Ал Ақылбек Күрішбаев  -жерді игеру тез табыс әкелетін сала емес, мұнай сияқты бюджеттің бүйірін бірден толтырып тастамайды,- деді.

Ақылбек Күрішбаев, С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлы университетінің ректоры, Комиссия мүшесі:

Жерді тауар ретінде емес, өндіріс құралы ретінде қарайды, біздің эконмистердің қателігі, жерді сату көзін табыстың көзі ретінде қарамыз. Бюджетті толтыратын көз ретінде қараймыз. Жер деген мұнай шығартын мұнара емес.

Саясаттанушы Март Шибұтов Үкіметке  жерді жалға алып,  үш жылдан артық игеріп, күн көріс көзіне айналдырған шаруаларға 50 гектардан тегін жер беруді ұсынды. Есебі былай: бүгінде елімізде  180 мың шаруа бар, орта есеппен оладың әрқайсысы 50 гектарға дейін жер пайдаланады екен. Ол елдегі  ауылшаруашылығы жерінің 1 пайызын ғана құрайды.

Марат Шибутов, саясаттанушы, Комиссия мүшесі:

Я вот смотрю, у нас государство всегда помогало банкирам, «Самрук-Казыне» помогает каждый год. Может быть, если мы говорим о том, чтобы народ поддержал реформу, давайте тем, у кого меньше 50 гектаров в аренде и они занимаются этой арендой больше 3 лет, отдадим им эту землю бесплатно?

Мұхтар Тайжан, Комиссия жанынан құрылған, Құқықтық жұмыс тобының жетекшісі:

Марат Шибұтов дұрыс айтты, тегін беруіміз керек, шағын крестяндарымызға. Сол себептен крестяндарымыз байып кетеді ертең. Сосын Қазақстан азаматтары туғаннан қазақстан азаматы болуы керек. Мысалы, шет елден келген қытай болсын, басқа болсын, біздің қыздарымызға үйленіп, сосын барып жерімізд алмасын.

Жерді сатуда жұртшылықты алаңдатқан бір түйткіл - бұрыннан мыңдаған гектарды жалға алып келгендер, 50 пайыз жеңілдікпен бірден иемденіп кетсе, заң тек латифундистер пайдасына шешіледі деген қауіп-тін. Бүгінгі жиында, жер иеленушіге шекті мөлшер енгізу ұсынылды.

Ал кейбір комиссия мүшелері  латифундистерден бұрын, банктер жердің иесіне айналып кетуі мүмкін деп қауіптенді. Меншіктегі мүлікті кепілге қойған шаруа, қарызын өтей алмаса, автоматты түрде, жердің иесі банк болып шыға келеді.

Комиссия төрағасы бүгінгі жиынды былай қорытындылады:

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Комиссия төрағасы:

Екі ғана мәселені бөліп айтуға болады бірі  - жер тіптен сатылмасын осымен теманы жабамыз  дейді. Екінші бөлігі жоқ, жер сатылсын бірақ ол қалай сатылады? Осы төңіректе оған шектеулер: шекараның төңірегіндегі жер, ауыл аймақтың маңайындағы жерлер қалай болады, алдында алған жер көлемі қалай болады, Қазақстанның кез келген жерінен барып алуға болады ма, бір қолға бір жер ме, деген сияқты әртүрлі ұсыныстар айтылды  Осының бәрін бір жүйеге келтіріп, жұмысшы топтар құрылды. Келесі сейнбіге дейін бір жүйеге келтіріп талқыға шығаратын болады.

Келесі басқосқанда жинақталған материалдарды талқылап, келесі сұраққа – шетелдіктерге жерді жалға беру мәселесін саралауға көшеді. Бақытжан Сағынтаев, -осы екі тақырыпты талқылап болған соң, аймақтарға нақты ұсыныстармен баруымыз керек,-деді. Төрт сағатқа созылған жиында 38 адам өз ойын білдірді. Комиссия төрағасы мен сайланған жұмыс тобының жетекшілері дәлізде де бөгеліп, пікірлесіп жатты. Жұмыс топтарына Ауылшарушылығы министрлігінің ғимаратынан кабинеттер бөлініп, жабдықталып жатыр.

Мөлдір Бақытқызы, «Біздің уақыт».