Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Жоғарғы соты БАҚ өкілдерін марапаттады

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2017
  • 3347

Бүгін байланыс және ақпарат қызметкерлері күні аталып өтті. Осыған орай еліміздің әр өңірінде түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Еліміздің Жоғары соты да ақпарат саласының мамандарын мараттады. Қайрат Мәми қазақстандық БАҚ өкілдерінің еңбегін ерекше бағалайтынын айтты, оның ішінде Ләззат Танысбай басшылық ететін "Астана" арнасы да бар. Қазір "Астана" еліміздегі жетекші арналардың қатарында. 

Құрмет грамотасы және естелік сыйлықтар елдегі мемлекеттік арналар мен газет, медиахолдинг басшыларына да табысталды. Жоғарғы сот төрағасы БАҚ өкілдерінің елдің қоғамдық, саяси өміріндегі рөлі ерекше екенін атап айтты.

   Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы сотының төрағасы:

Жаңашылдықтарды халыққа түсіндіруде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор. Сондықтан да мен сіздерді бүгінгі кездесуді пайдаланып, қоғамға, халықтың құқықтың сауатын арттыру жұмысына белсене қатысуға шақырамын.