Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы Астана әкімдігі 27 млрд теңге үнемдеген

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2017
  • 2883

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы Астана әкімдігі биыл 27 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеді. Бұл туралы шаһар басшысы Әсет Исекешов мәлімдеді. Бұрын-соңды қазына қаражатына іске асатын бірқатар жобаларға жеке инвесторлар тартылған. Ол ақылы автотұрақ, бейнебақылау, такси қызметі секілді жобалар. 2017-2018 жылдары осындай 30 бірлескен іс жүзеге асады. Оның ішінде "Арай" саябағы, "Пирамида" ғимараты, "Алау" спорт кешені, басқа коммуналдық мекемелер жекеменшік басқаруға беріледі. Инвесторлар қаражатына сегіз балабақша да салынады.

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

Біздің коммуналдық кәсіпорындар атқарған қызметтерді бизнеске береміз. Қиындау жобалар да бар. Энергетика, коммуналдық шаруашылықтағы қосалқы станция сияқты ірі жобаларды дайындап жатырмыз. Шағын саябақтар мен қоғамдық ғимараттар да жекеменшік басқаруға өтеді.