Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралдың жылу беру мекемесі тағы да борышқа батты

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2017
  • 2297

Оралдық «Жайықжылуқуат» мекемесі газға 330 миллион тенге қарыз. Мұндай ақпаратты біздің арна тілшілеріне «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының аймақтағы филиалы өкілдері айтты. Дегенмен, газжеткізушілер жылу кәсіпорны айдың соңына дейін борышын өтейді деп үміттенеді. Осы мақсатта қарызды біртіндеп қайтару туралы жылу берушілермен келісім жасағандарын жеткізді. Ал, қала тұрғындарының жылу үшін берешегі 600 миллион теңгеге жуықтаған. Осы қарызын қайтару үшін «Жайықжылуқуат» мекемесі борышкерлердің аты-жөнін ақпарат құралдарында жариялай бастады. Тіпті тұрмыстық техникасы мен көлігін сатып, өндіріп алмақ. Әзірге олардың бір ай уақыты бар.

Асылбек Қайбалиев, «Қазтрансгазаймақ» АҚ БҚОФ директорының бірінші орынбасары:

Қарызы 330 миллион теңге. Оны айдың аяғына дейін төлеуі керек. Төлемесе, бірінші солармен сөйлесеміз. БҚО әкімдігі де төлейді деп, уәде берді. Енді мемлекеттік қолдау болатын шығар деп ойлап тұрмыз. Мүмкін, бір жерден кредит алып төлейтін шығар?

Бұл мәселеге қатысты "Жайықжылу" мекемесінің өкілдері қандай да бір түсінік бермей отыр. 

Еркін  КАРИН