Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкент спорт кешенін сатып алуға өтініш түспеді

  • AstanaTV
  • 30 маусым 2017
  • 3690

960 миллион теңгеге бағаланған Шымкенттегі "Мұз сарайы" өтпей қалды. Электронды конкурсқа сатып алушылар тарапынан өтініш түспеген. Бұл жайында арнамызға қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова айтты. Бүгін ол бірінші рет саудаға шығарылған болатын.

Гүлжан Құрманбекова, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

Жекешелендіру Заңына сәйкес біз 3 рет конкурсқа енгізу керек. Ол үш рет конкурста бағасы төмендейді. 2 рет аукционға шығарамыз. Егер бұл жерде ешқандай сатып алатын кәсіпкерлер болмаған жағдайда, ол мемлекеттің меншігінде қалып, ары қарай жұмыс жасай береді.

Ел үкіметінің қаулысына сәйкес әкімдік «Мұз сарайындағы» мемлекетке тиесілі 67 пайыз үлесін сатпақ. Қалған 33 пайызы жекеменшік «САУТС-ОЙЛ» ЖШС-нің үлесінде қала береді. Мемлекетке үлкен спорт кешенін қамтамасыз ету оңайға соқпай тұрған көрінеді. Соңғы үш жылда нысан 40 миллион теңге шамасында зиян шеккен. Мекеме басшысы мұны коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуімен байланыстырып отыр.