Русский Сайттың толық нұсқасы

Астананың бас жоспары әр 5 жыл сайын өзгеріп тұруы қажет деген пікір айтылды

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2017
  • 3047

Астананың бас жоспары әр 5 жыл сайын өзгеріп тұруы қажет. Қала да тірі организм іспетті өседі, өзгереді. "Нұр Отан" партиясының ұйытқы болуымен жаңа форматта өткен жиында осындай ой айтылды. Әңгіме Тедтокс үлгісінде Астананы дамыған әрі жайлы қалаға айналдыру туралы өрбіді. Танымал архитектор Норман Фостердің шәкірті Майкл Оудс қала кеңістігін барынша пайдалану туралы айтты. Көлік инфрақұрылымын қайта қарау қажет деп есептейді. Астаналықтар қоғамдық көлікпен және велосипедпен жүруді үйреніп, көп жолақты жолдардан бас тартуы керек деген ұсыныс айта кетті. Босаған аумақтарда шопинг-орындар мен қоғамдық тамақтану орындарын салу қажет,- дейді. Ал шахардың Бас жоспарын жасаған атақты жапондық сәулетші Курокаваның шәкірті Юджи Имайо құжатты өзгертіп тұрған дұрыс деп есептейді.

 Юджи Имайо, «IMAYO CREATION»-ның атқарушы директоры:

Қала дегеніміз - тірі организм. Мұнда өмір сүретін, өсіп-өнетін ұрпақтың дені сау болуы керек. Ол үшін біз архитектураны, оның ережелері мен қала құрылысының жүйесін жасауға міндеттіміз. 

Юлия Кучинская, "Нұр Отан" партиясы саяси талдау және стратегиялық зерттеу орталығының директоры:

Менің ойымша, сәулетшілер ұсынған жобалар ертең шынымен іске асырылуы мүмкін.  Біз Астананы тұрақты дамыту орталығын және  "Астанаинновайчен" секілді қаланың заманауи үлгіде дамыуына мүдделі барлық ұйымдарды шақырдық.