Русский Сайттың толық нұсқасы

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бір жылдан соң жаңа инвесторға сатылуы мүмкін – Е.Досаев

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2017
  • 3180

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бір жылдан соң жаңа инвесторға сатылуы мүмкін. Үкіметте өткен жекешелендіру тақырыбындағы жиында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Ерболат Досаев осылай деп мәлімдеді. Қазір потенциалды инвесторларға шақырту жіберілген. Банкті сатуға шығаруға Германиядан арнайы компания да тартылған.

Ерболат Досаев, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі АҚ басқарма төрағасы:

Қазақстанның "Тұрғын үй жинақ банкіне" стратегиялық инвесторды тартуды 2018 жылдың екінші жартысында аяқтау жоспарланады.

Жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша былтырдан бері 226 объекті сатылды. Сату бағасы 63 млрд теңгені құрады. Оның ішінде: 18 республикалық меншік объектісі, 113 коммуналдық меншік, 95 квазимемлекеттік сектор нысаны бар. Бұдан басқа, 190 объекті қайта құру және таратылу сатысында.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Ал 2019-2020 жылдары "Самұрық-Қазынаның" 17 ірі компаниясы, оның ішінде 13 топ объектісі саудаға шығарылады. Осылайша, жекешелендірудің кешенді жоспарындағы нысандардың негізгі бөлігінің 80 проценттен астамы биыл сатылады.