Жыл
сайын 4 шілдеде АҚШ өзінің тәуелсіздігін атап өтеді. Бүгін бұл мереке
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі
АҚШ-тың Ұлттық күнімен бірге аталып өтті. Мерекелік бағдарламаға ЭКСПО Ұлттық күн сахнасы мен АҚШ павильонында
өтетін бірқатар іс-шаралар енгізілген.
Екі
елдің арасындағы мығым мәдени байланыстың орны ерекше. Бұл маңыздылығы жөнінен
саяси-экономикалық саладағы ынтымақтастықтан ешбір кем түспейді. Мереке соңы
танымал американдық орындаушы Майя Азуцена мен қазақстандық өнер иелерінің
концертіне ұласты.