Русский Сайттың толық нұсқасы

ЭКСПО-әжей атанған 80 жастағы Томийо Ямада Жапониядан Астанаға келді

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2017
  • 2493

ЭКСПО-әжей атанған 80 жастағы Томийо Ямада Жапониядан Астанаға арнайы келді. Қарияға осымен 7-ші рет халықаралық көрмені тамашалау бақыты бұйырыпты. Ең алғашқы маңызды шараға осыдан 50 жылға жуық уақыт бұрын қатысқан екен. Яғни әжей 1970 жылы Жапонияның Осака қаласында өткен ЭКСПО көрмесін тамашалапты. Содан бері мұндай халықаралық  шараларға тұрақты түрде қонақ болуды игі дәстүрге айналдырған. Қарияның жолдасы мен ұлы да бұл сапардан шет қалмады.

Астанадағы аптап ыстық ауа райы әжейдің серуендеуіне кедергі емес. Өмірдің әр сәтін жағымды ортада өткізу жанға қуат береді,- дейді ол. ЭКСПОның елшісі атанған Томийо Ямада бірер күннің ішінде қазақстандық «Нұр әлем» павильоны мен канадалық цирктің өнерін тамашалап үлгерген.

Томийо Ямада, «ЭКСПО-2017» елшісі:

Маған мұнда көп дүние ұнады. Әсірісе сіздердің павильондарыңыз. Әр қабатынан өзім үшін тың жаңалықты білдім. Мұндағы халықтың қонақжайлылығы да ерекше. Аялдамада тұрсам, бейтаныс адамдар мені Жапониядан келгенімді естіп, қонаққа шақырды. Мен таң қалып әрі қуанып қалдым.