Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада бірінші халықаралық мүсіндеу өнерінің биенналесі ашылды

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2017
  • 5182

Астанада халықаралық мүсіндеу өнерінің биенналесі өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған шараға әлемнің түкпір-түкіпірінен 10-ға тарта суретші мен мүсіншілердің жұмыстары қойылған. Сайысқа мәдениет және спорт министрлігі бастамашы болған. Көрмеге ұсынылған әр туындының өзіне лайық терең мағынасы бар, - дейді ұйымдастырушылар.

Ресейлік суретші Сергей Катранның «Пісте» туындысы көрменің жарты бөлігін алып тұр. Автордың айтуынша, әр пісте мүсіннің ұзындығы адам бойымен бірдей. Оларға жақындаған кезде, ішінен музыка естіледі. Ерекше туынды бір құпияны сақтап тұрғандай, көрмеге келген әр көрермен пістенің сырларын ойша аша алады дейді туынды иесі.

Сергей Катран, суретші /Ресей/:

Олар аздап қозғалып тұрады. Белгілі бір дыбыстарды бергенде, көрерменнің қызығушылығы артады. "Ішінде не жасырылып тұр" деген ой пайда болады.

Халықаралық мүсіндеу өнерінің биенналесі Елордада алғаш рет өтіп отыр. Байқауда сүретшілер мен мүсіншілердің 50-ден аса туындылары ұсынылды. Атап айтсақ, Қазақстан, Қырғызстан, Швейцария, Ресей, Ұлыбритания елдері. Көрменің тақырыбы «Өзара байланыстар: диалог өнері» деп аталады. 

Камилла Ли, ЮНЕСКО аясындағы көркем сыншылары қауымдастығының мүшесі:

Көрермен қауымға мына экспозициялар түсініксіз болып көрінер. Алайда, заманауи  өнердің тілі осындай. Оған уйренісіп, авторлардың туындыларын барлық жан-дүниеңмен танып, оның нені жеткізісі келіп отырғанын түсіне білу қажет.

Бұл шара суретшілердің белгілі бір тақырыпты ашу бағытындағы көрме ғана емес, сонымен қатар, өнерпаздар арасындағы байқау болып отыр. Ең үздік туындылардың авторлары қаржылай сыйлықтармен мараппаталды. Төрешілер бекітілген критерийлар бойынша кім мықтыларды анықтады.

Байтұрсын Омарбеков, халықаралық мүсіндеу өнері биенналесі әділқазылар мүшесі:

Бұл автордың ерекше идеясы. Міне, мысалы, біз Швецариядан келген кинетикалық композицияны мараппатадық. Ол өзінің кинетикалық энергиясының бір және басқа да бағытта жұмыс жасайтын механизм ойлап тапқан. Бұл туынды да тек автордың еңбегі ғана емес, сонымен қатар техниктер мен технологияның жұмыстары көрініп тұр.

Халықаралық биеналле 4 шілдеге дейін жалғасады. Биыл аталмыш көрме ЭКСПО-2017 аясында өткізіп отыр. Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай өнер көрмесін келешекте дәстүрлі түрде жылына екі рет өткізу жоспарланған.