Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы «Алтын Орда» базарының қасындағы жолды кеңейту кейінге шегерілді

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2017
  • 2841

Алматыға батыс қақпа арқылы кіретін күре жолды кеңейту тағы кейінге шегерілді. «Алтын Орда» базарының алдынан өтетін жол тар, көлік нөпіріне есептелмеген. Сондықтан ертелі-кеш қатынайтындар үшін қолайсыздық тудырып келеді. Кептеліс орын алмау үшін «Қазавтожол» кәсіпорны күре жолды кеңейтуге шешім қабылдаған. Жоспарға сәйкес құрылыс сәуір-мамыр айларында басталуы керек еді. Бірақ сараптама нәтижесінде жолдың жобасы қайта сызылатын болды. Енді ол жерге үлкен жол айырығы мен жаяу жүргіншілер үшін төрт жол үсті өткелі салынады. Толықтырулар қолдау тапса, құрылыс қыркүйекте басталады деп жоспарланған. Төрт шақырымға созылатын он жолақты тас жолдың нақты құны әлі белгісіз.

Қуаныш Ескендіров, «Қазавтожол» ҰК Алматы филиалы жетекшісінің орынбасары:

Жобалау жұмыстары толық аяқталды. Қазір мемлекетік сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Егер мақұлданса, тендер жариялап, мердігерді анықтаймыз. Құрылыстың тоқтауына "Асыл арман" тұрғын үй кешені қасынан тағы бір жол айырығы салынуы себеп болды. Осыған байланысты қайта қарауға жіберілген.