Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты бірқатар шет мемлекет басшылары туған күнімен құттықтады - Ақорда

  • AstanaTV
  • 06 шілде 2017
  • 3480

Астананың мерекесі мен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай шет ел басшылары құттықтауларын жолдап жатыр. Ресей Президенті Владимир Путин өз жеделхатында Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем аренасында Қазақстанның ұстанымын нығайтып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. Екі ел арасындағы тығыз байланыс пен зор сенімді жоғары бағалайтынын айтты. Ал Қытай басшысы Си Цзиньпин қос мемлекет арасындағы жан-жақты стратегиялық қарым- қатынасты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді. Президентке мықты денсаулық, барлық бастамаларына сәттілік тіледі. Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев Нұрсұлтан Назарбаевтың тың бастамаларына алғыс айтып, бауырлас елдер арасындағы достық одан әрі жалғасарына сенім білдірген. 

Сондай-ақ Елбасыны және Елордамызды мерейлі мерекесімен құттықтағандар арасында Белоруссия, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғыз Республикасының президенттері бар. Түркіменстан, Армения және Сербия басшылары да лебізін білдірді. Құттықтаулар әлі  жалғасуда.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ