Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда Астана күніне орай көрме ұйымдастырылды

  • AstanaTV
  • 06 шілде 2017
  • 3592

Оралда Астана күніне орай жергілікті қолөнершілердің «Шеберлер қаласы» көрмесі өтті. «Арбат» аталып кеткен орталық көшеде 50-ден астам өнерпаз жиналды. Олар саз бен ағашқа, темір мен былғарыға жан бітірді.

Тұрғындарды әсіресе, «Нива» көлігінің дөңгелегін алып тастап, шынжыр табан орнатқан шебердің өнері таң қалдырды. Жол талғамайтын көлік батпақ пен қарда емін-еркін жүреді. Кейбір бұйымдар елордадағы «ЭКСПО» көрмесіне қойылады, -дейді мамандар. Мақсат - қазақ халқының қолөнерін шетелдік меймандарға паш ету.