Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбенің орталық көшесінде жүйткіген көлік адамдар шоғарланған аймаққа шығып кетіп, екі адамды қақты

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2017
  • 2874

Ақтөбенің қақ ортасында жол апатынан қаза тапқан бойжеткен Алматы тұрғыны болып шықты. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Үлкен жылдамдықпен жүйткіген көлікті қыз бала тізгіндепті. Оқиға адам көп жүретін саябақта болған. Куәгерлердің айтуынша, қаза болған қыз көлік соққан сәтте он метрдей жерге ұшып кеткен. Жол апатынан зардап шеккен жігітке ота жасалған. Дәрігерлер оның шашылған аяқ сүйектерін жинаған. Көлікті тізгіндеген қыз күйзеліске түскен, оған психологтардың көмегі қажет. Оқиғадан зардап шеккен екі адам ауруханада.

Рахымжан Арыстан, облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері:

Анапин Мақсот дейтін жігіт, екі сүйегі сынған, оң жақ тізесі, оған операция жасап, аяғын теріп, қазір жағдайы жаман емес, тұрақты, орташа ауыр, қасында шешесі бар. Қыз бала жатыр, басына зақым тиген, сынығы жоқ, бүгінгі айтқан шағымы - шашым түсіп жатыр деді, ол жалпы стресске байланысты, ондай болады.