Русский Сайттың толық нұсқасы

Мамандар қымбатшылықты маусымдық кезеңмен байланыстырып отыр

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2017
  • 2822

Азық-түлік нарығында отандық өнім 50 пайызға жеткенмен, баға тұрақталар емес. Маусым айында жұрт жиі тұтынатын тағамдардың құны шамамен 10 пайызға шарықтаған. Әсіресе, жемістер мен көкөністер 17 пайызға бір-ақ көтерілген. Статистика комитетінің ақпараттарынша, ұнның бағасы 5,5 пайызға көтерілсе, ет өткен жылғымен салыстырғанда 10,3 пайызға қымбаттаған. Қымбатшылық қыспаққа алған қалалар - Астана, Алматы, Ақтау. Алматыда қанттың құны 15, күріш 7 пайызға шарықтаған. Бағаның өсуін мамандар маусымдық кезеңмен байланыстырып отыр.

Марат Айнабеков, "Алматы" ӘКК" ҰК" АҚ департамент директоры:

Қазіргі таңда халықтың арасында қысқа дайындық дейміз, жеміс-жидектен варенье даярлау, сонымен қатар балмұздақ өнімдеріне деген сұраныс мұның барлығы қанттан жасалады. Дегенмен, осы бағаны қазіргі таңда арнайы тұрақтандыру қорын басқаруға арналған комиссия бар, комиссиямен қазіргі таңда тұрақтандыру қорында сақталған қанттың бағасын саудалау 255 теңге болып бекітілген.

Негізгі әлеуметтік тауарлардың бағасын сақтап тұру үшін тұрақтанду қорына былтыр 729 миллион теңгенің 3 мың тоннадан астам өнімі сатып алынған. Экономистер қымбатшылықты күн санап қарқын алған америка валютасының өсуімен түсіндіреді. Оған қоса импорттық тауарларға тәуелділік бар.

Бекнұр Қисықов, экономист:

Ауыл кәсіпкерлерін жоғалтып алдық. 90 жылдары ауыл кәсіпкерлері дұрыс жұмыс істеген жоқ, класстер есебінде фермерлерді жоғалтып алдық, қазір мемлекеттің әрекетімен жаңадан өсіп келе жатыр, бірақ бізге 80-90 процент жеміс-жидек сату үшін бірнеше жыл керек деп ойлаймын.