Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңартылатын энергия саласындағы қазақстандық мамандарды Малайзияға жұмысқа шақырды

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2017
  • 2335

Малайзия жаңартылатын энергия саласындағы қазақстандық мамандарды жұмысқа шақырады. ЭКСПО көрмесі аясында Малайзия ұлттық күнінің ашылу салтанатында  Энергетика министрінің орынбасары Кришнасами Девамани осылай деді. Оның айтуынша, қазіргі кезде Қазақстан жаңартылған энергия саласында белсенділік танытып отыр. Сондықтан келешекте осы бағыт бойынша күш біріктуді ұсынды.

Кришнасами Девамани, Малайзия энергетика, жасыл технологиялар және су ресурстары министрінің орынбасары:

Малайзия павильоны ЭКСПО көрмесіндегі ең таңымал болып отырғанына өз басым қуанып отырмын. Біз тек қазақстандық қонақтардың ғана емес, өзге де мемлекеттердің қызығушылығын арттырып отырмыз. Осы орайда, айта кетсем, биыл Малайзия тәуелсіздігіне 60 жыл толды. Осы мерекені сіздермен бөліскенімізге өте қуаныштымыз.

Малайзия Ұлттық күнін тойлау бағдарламасы әдеттегідей екі елдің әнұранынан басталды. Павильондағы сандық айналарда Малайзия ұлттық киімінің ерекше көрсетілімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қолөнер шеберлерінің жұмыстары ұсынылып, қонақтар үшін естелік сыйлықтар табысталды. Мерекелік шара Малайзия өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен ұласты.