Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысынан Солтүстік Қазақстанға 300 отбасы көшуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2017
  • 5253

Жұмыс, тегін баспана, субсидиялар, жер телімдері, шағын несиелер. Солтүстік өңірінің билігі аймақта берекелі, бақытты ғұмыр кешуге шақырады. Өйткені өңірде жұмыс күші жетіспейді. Солтүстіктен арнайы келген мамандар Қызылордада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізіп, 700-ден аса вакансия ұсынды.

Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы осыдан үш жыл бұрын басталды. Бірақ өңірде әлі де мамандар тапшы. Теріскейдегі 373 жұмыс беруші мекемеге қызметкер қажет. Ал көшіп барам деушілерді жергілікті билік қолдауға дайын. Биыл қоныстандыру бағдарламасына бірқатар өзгеріс енген.

Бағдат Шәкенов, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары:

Ең бірінші сол келген жанұяға баспананы тегін беру. Биылғы бағдарламада өзгерістер бойынша ол келген адамдарға жолақысы, келуі, соған берілетін субсидиядан басқа тағыда жалға беру, сосын коммуналдық төлемдерін төлеу - бәрі қосылып жатыр. Сол, мысалы, жалға беру қаражатын, коммуналдық қаражатын бәріне келген адам елді мекенде, ауылды жерде жанұясы үй сатып алуға мүмкіншіліктері бар. Мамандығы бойынша біз жұмысқа орналастырамыз.

Жәрмеңкеге мән-жайды білмек болғандар келді. Арасында көшуге бел буғандары да бар. Мал асырайтын Бақытгүл Дайырбекқызы аптап ыстықтан түлегі өліп жатқанын айтады. Ана балаларының да болашағын ойлап отыр.

Бақытгүл Дайырбекқызы, Қызылорда қаласының тұрғыны:

Бірінші кезге барып, көріп келеміз. Егер ұнап жатса, барып қаламыз. Балаларымыздың бәрі студент, оқуын бітіріп жатыр. Ағылшынның маманы болып жатыр, мұғалім болып жатыр, медик болып жатыр. Сол балаларымыз жақсы болса, бізде сол жақта жүреміз енді.

Мамандар теріскейде ғана емес, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында да тапшы. Ол өңірлерге мұғалім, дәрігер, психолог, тракторшы, тігінші тағы көптеген қызметкер қажет.

Жанар Дәулетбаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

Жұмыс іздеуші ретінде бізде есепте тұрғаны 5 586 адамҮш жылдан бері 9 отбасы қоныс аударды. Шығыс Қазақстан облысына бес отбасы, Павлодар облысына 4 отбасы қоныс аударды. Орналасып, жұмыс жасап жатыр. Біз ол кезде жылдын соңында бастап білді де, сол кезде Шығыс Қазақстан облысына ғана болдыҮймен қамтамасыз ететін. Павлодар облысы да кештеу келіп қалды да сонымен қыс болып қалып, біздің халық қорықты енді.

Маманға зәру аймақтар шілденің соңына қарай жәрмеңке өткізбек. Ал Солтүстік жәрмеңкесінен кейін 300-ден астам отбасы көшу қамына кірісті.