Алматыда
Көкжиек шағын ауданындағы көпқабатты үйде өрт шығып, үш бала ауруханаға
жеткізілді. Олар 1, 5 және 13 жастағы
балалар. Дәрігерлердің хабарлауынша, олар өрттің түтінінен уланған. Тағы бір ересек адам ауруханаға
жатқызылыпты. 4-ші қабатта шыққан өрттен 45 адам эвакуацияланған. Алматы
облысының Тұздыбастау ауылында да алапат өрт болып, 6 бірдей отбасы далада
қалды.
Тілсіз
жау Жібек жолы көшесінедегі «барак» тектес ескі үйлер маңында тұтанған. Төтенше
жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың сөзінше өрт 22:10
шамасында тұтанған. Бірақ оны сөндіруге
3 сағат кеткен. Оған 14 өрт сөндіруші мен 3 бірдей техника бірлігі жіберіліпті.
Өрттің жалпы ауданы 470 шаршы метрге жеткен. Зардап шеккендер жоқ.
Руслан
Иманқұов, ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі:
Өрт
сөндіру бөлімшесінің жақын жерде болмауына орай оттың ұзақ уақыт шарпуы,
сондай-ақ ғимарат құрылыс конструкциясы ағаш, қамыс сияқты тез жанатын
материалдардан болуы өрттің ушығуына әкеп соқты.