Русский Сайттың толық нұсқасы

«Сәтті» қадам жобасы аясында өтініштер қабылдау 25 шілдеге дейін ұзартылды

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2017
  • 2457

Алматыда «Нұр Отан» партиясының «Сәтті» қадам жобасы аясында өтініштер қабылдау 25 шілдеге дейін ұзартылды. Жастарды, оның ішінде жетім балаларды еңбекпен қамту бағдарламасы тиімділігін көрсетті. Партияның өкілдері өз аймақтарындағы кәсіпорындар мен оқу орнын бітірген мамандар арасында дәнекер болу үрдісін  жалғастырады. Былтыр партияның Алматы филиалы бос жұмыс орындарын ұсынатын 22 мекемемен меморандумға қол қойған. Биыл «Жас Отан» жастар қанаты мамандығы бар, бірақ жұмысқа орналаса алмай жүрген жастарға жолдама алып беруге ықпал етпек. Кәсіпорындарда үш айлық тағылымдамадан өтуге көмектеседі, ары қарай нақты жұмысқа тұру процесін бақылауда ұстайды. Үміткерлер өтінішті тұрғылықты жеріне жақын орналасқан партия бөлімшелеріне келіп жазса болады. Онда келушілерге кеңес беретін заңгер мамандар болады. Немесе үйден шықпай-ақ «Нұр Отан» партиясының веб-сайтындағы «Сәтті қадам» жобасына арналған парақша арқылы арыз жаза алады.

Мәди Ахметов, Алматы қаласы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

Бізде, көбінесе, узкая специлизация дейміз ғой, яғни қазіргі таңда, әсіресе IT  мамандықтарды, жаңа технологияларға байланысты мамандықтарды ІТ мамандықтарға, SMM, жаңағы мынау, социальный медиалар арқылы жұмыс жасайтын, әсіресе, мына қоғаммен байланысып жұмыс жасайтын бөлімдері бар мекемелерде SMM  мамандықтарға сұраныс өте көп. Әсіресе 3 тілді меңгерген, яғни әлеуметтік желі болсын, ресми сайт болсын, аккаунт болсын, соны ресми түрде 3 тілде жүргізіп отыратын әмбебап мамандарды іздейді.