Қазақстан
баламалы қуат көздерінің ірі өңірлік жеткізушісі бола алады. Бұл туралы ЭКСПО
көрмесі аясында өтіп жатқан «Болашақ энергиясы» форумында ұлттық экономика
министрінің орынбасары Ернар Бәкенов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұған барлық мүмкіндік бар. Мәселен, Сарыарқадағы желдің
күші жылына 920 миллиард киловатт сағат жел энергетикасын өндіруге қауқарлы.
Сонымен қатар қазақ даласында 2,5 миллиард киловат сағат күн энергиясын
шығаруға мүмкіндік бар. Ал қазіргі уақытта 50 шақты компания қуаты 300 мегаватт
болатын баламалы энергияны қолданып отыр. Осы бағытты дамыту үшін халықаралық
қаржы институттарымен келісімдер жасалған.
Ернар
Бәкенов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:
Баламалы
энергияны дамыту жобалары үшін Қазақстанға 250 млн долларға дейін қаржы беру
туралы Еуропа қайта құру және даму банкімен келісім бар. Өзге де қаржы
институттарынан қосымша 480 млн доллар тартылады. Бұл Қазақстанда баламалы
энергия көздерінің 500 мегаватт қуатын қаржыландыруға мүмкіндік береді.