Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұротандықтар әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділігін тексерді

  • AstanaTV
  • 20 шілде 2017
  • 2893

Астанада "Нұр Отан" партиясының арнайы комиссиясы әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға қаншалықты қолжетімділігін тексерді.

Қаладағы бірқатар нысандарды аралаған партия кураторы Қарақат Әбден кейбір нысандарда олқылықтар бар екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, қағаз жүзінде дұрыс болып көрінгенімен, кейбір ғимараттарда іс жүзінде бәрі керісінше болатын жағдайлар кездеседі. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустар мен жолдар тек ескі ғимараттарда ғана емес, соңғы жылдары бой көтерген жаңа нысанда да бар. Партия өкілдері осындай олқылықтарды тіркеп, міндетті түрде шешімін талап етеміз дейді.

Қарақат Әбден, Астана қалалық мәслихатының депутаты, "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалының кураторы:

Көптеген ғимараттарда іс жүзіндегі және қағаз жүзіндегі жағдайдың екі түрлі екенін байқадық. Бірінші орында, адам ретінде осы топтағы жандарға шын көңілмен көмек көрсетпесек, онда мұны жүзеге асыруға жәрдемдесетін әкімшілік заңнамалар бар екенін айтқым келеді. Бұл жұмыстар шешімін тапқанша, партия бақылауында болады.