Русский Сайттың толық нұсқасы

Сот шешімімен ақталғандар саны 10,5 пайызға артты

  • AstanaTV
  • 21 шілде 2017
  • 2810

Елімізде сот шешімімен ақталған азаматтар саны 10 пайызға артқан. Бұл туралы Жоғарғы сот жұмысының жарты жылдық қорытындысына арналған отырыста айтылды. 

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулиннің мәліметінше, 500-ге жуық адам ақталған. Ал жыл аяғына дейін сот отырыстары электронды форматта өте бастайды.

Нұрсерік Шарипов, Жоғарғы сот жанындағы соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы:

Техникалық жағынан қамтамасыз етіп жасап жатырмыз пилоттық жоба ретінде. Яғни судьяның алдында өз компьютері, қатысатын адвокат, прокурордың өз компьютер, бәрі бір жүйеге тіркелген. Осы іске байланысты мәліметтер, тергеуге байланысты болсын, жасалған тергеу амалдары бәрі электронды түрде, қатысушы адамның алдында тұрады.

Айта кетерлігі, шетелдік инвесторлардың мемлекеттік органдардың үстінен арыз-шағым түсуруі көбейген. Биыл Астана соты осындай 66 істі қарапты. Өткен жылғы көрсеткіш - 25.  Судья Денис Шипптің сөзінше, көбіне сотқа батыстағы мұнай өндіріп жатқан алпауыт инвесторлар жүгінеді, олар салық актілерімен келіспейтін көрінеді.