Русский Сайттың толық нұсқасы

Әлемдік деңгейдегі киножұлдыздар Астанада

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2017
  • 5018

Астанада ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ХІІІ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі бастау алды. Ауқымы жағынан Канн, Берлин, Венеция сынды «А» дәрежелі фестивальдармен иық тіресе алатын кинофорумға Қазақстанның үздік дерлік киножұлдыздарымен қатар, аты әлемге танымал әртістер де келді. Николас Кейдж, Джон Малкович, Эдриан Броуди сынды актерлар қонақ ретінде қатысты. Олар алдымен жанкүйерлерімен кездесіп, қызыл кілеммен жүріп өтті. Отандық және шетелдік қонақтар қазақ кино саласына жоғары баға беріп, "Еуразия" кинофестивалі қазақ киносының дамуына зор үлес қосарына сенім білдірді.

Николас Кейдж, актер, «Оскар» сыйлығының иегері:

Мен осындай керемет елге қонақ болып келгеніме қуанып тұрмын. Сіздердің ыстық ықыластарыңыз бен зор құрметтеріңізге алғысым шексіз. Менің Қазақстанда осындай керемет жанкүйерлерім барын білмеппін де, барлықтарыңызға үлкен рахмет. 

Ерік Жолжақсынов, кино және театр актеры:

Бүгінгі күні біз әлемдік кинолармен иық тіресіп келмесек те, бұл олардың бізді мойындауы. Бұл Қазақстанның әлемге танылуы. Оның бәрі Елбасымыздың зор еңбегі, рухани жаңғыруымыз.

Биыл толықметражды және қысқаметражды кино конкурсында барлығы 14 әлемдік, 2 халықаралық және 11 азиялық туындының тұсаукесері болады. Үздігін Ресей, Грузия, БАӘ, Қытай сынды елдерден келген кино мамандары бағалайды.