Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда мектеп оқушылары сотталғандармен бірге бір ғимаратта отырып келген

  • AstanaTV
  • 24 шілде 2017
  • 2407

Тараздағы мектепте сотталғандарға пробациялық қызмет көрсетіліп келген. Олар №8 мектеп гимназиясының ішінде емін-еркін жүріп келген. Яғни түрмеде жазасын өтеп бостандыққа шыққандар, апта сайын тіркеуден өту үшін, осы білім ошағына келіп отырған. Мектеп қабырғасында қылмыскерлерге қызмет көрсетілгені ата-аналарды  ашындырып келді. Амалдары таусылған ата-ана прокуратураға арыз түсірген. Алайда, прокурорлар бұл іспен 1 жылдан аса уақыт айналысқан. Өйткені пробациялық қызмет басшылығы түрлі себептерді желеу етіп, жылы орындарын босатпай жүріп алған. Олар гимназия қабырғасында 2015 жылдан бері сотталғандарға қызмет етіп келген. Дегенмен, прокурорлар дегендеріне жетті. 

Айдынғали Дулетталдин, Тараз қаласы прокурорының орынбасары:

Оқушылардың қауіпсіздігіне тигезетіндігін ескеріп қала прокуратурасы мен көрсетілген шаралардың негізінде пробация қызметі қазір қылмыстық атқару жүйесі департаментіне ауыстырылды.