ОПЕК
келсімінен Ресей де шығуы мүмкін. Бұл туралы осы елдің энергетика
министрі Александр Новак мәлімдеді, деп хабарлайды
"Интерфакс-Қазақстан" агенттігі. Нарықты тұрақтандыру үшін аталмыш
келісім 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін созылады. Содан соң, сұраныстың өсуіне
орай, мүше елдер бірітіндеп келісімнен шыға бастайды, дейді ол. Новак бұл
жөнінде өзара келісім барын да растады. Мұнай өндірісі көлемін шектеуге қатысты
ОПЕК келісімі дер кезінде өз тиімділігін көрсетті дейді ол.
Естеріңізе
салсақ, кейбір ақпарат құралдары Энергетика министрі Қанат Бозымбавтың
Қазақстан да ОПЕК келісімінен шығу мүмкін деген сөзін жазды. Бірақ кейін бұл
сөзін баспасөз қызметі жоққа шығарды. Қазақстан биыл бірінші жарты жылдықта
мұнай өндірісі көлемін тәулігіне 1,8 млн баррельге қысартты. Ал келесі жылы
өндіріс көлемін арттыруы мүмкін, деді министр. Аталған келісімді ОПЕК-тің
тұрақты мүшелерінен бөлек Ресей, Әзербайжан, Бахрейн, Бруней, Қазақстан,
Малайзия, Мексика, Оман, Гвинея, Судан секілді 11 ел қуаттаған. Ал бүгін
Халықаралық валюта қоры әлемдік мұнай бағасына болжамын 3 долларға төмендетті.
2017 жылы баррелі 51,9 доллар шамасында болса, 2018 жылы 52 доллар болады деп
мәлімдеді. "Қара алтынның" арзандауын АҚШ-тың мұнай қорының
көптігімен байланыстырып отыр.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ