Ақмола облысында прокурор мен
тергеушіге оқ атып, кейін өзі де бақилық болған азаматтың ісі сотта қайта
қаралатын болды. Жампозов
және осы іске қатысы бар тағы да 5 бірдей адамның үкімі бүгін оқылуы тиіс
болған. Істің қайта қаралуына күдіктінің марқұм болуы әсер етті ме? Сот
процесіне Дәуренбек Бақдәулетұлы қатысты.
Дәуренбек
Бақдәулет, тілші:
Марқұм
болған Жампозовке қатысты іс қайта қаралатын болды. Бүгін үкім шығаруы тиіс
болған сот кенеттен осындай шешімге келгенін айтады. Ал күдіктілер болса,
қайғылы оқиғадан кейін іс әділ қаралатын шығар деп,
үміттеніп отыр.
Мәжит Бүрлібай, айыпталушы:
Құқық
органдары осыны көріп, процесстің таза
болғанын, ашық болғанын қалаймын.
Мемлекетке
540 млн теңге көлемінде шығын келтірді деп айыпталып, 2 жылдан бері сот
табалдырығын тоздырып жүргеннің бірі - Мәжит Бүрлібай. Айтуынша, бұл істе заңға
қайшылық болған жоқ, мәселе тек «FGI» деген ЖШС-ті арықты тазалау жұмыстарынан
шеттеткеннен кейін туындаған.
Мәжит
Бүрлібай, айыпталушы:
Финполға
беріп, әкелеріңді танытам деп қорқытқан. Ол содан басталған бәрі.
Мұны
марқұм болған Өміржан Жампозов Президентке және ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімовке
жолдамақ болған бейнеүндеуінде де айтқан. Өлімнен кейін жарияланған бейнені кім
жариялағаны белгісіз.
Өмірбек Жампозов:
Біздің түсінігімізше, сот төрелігін айту керек сияқты. Біз мына 5-6 айда көргеніміз сот қаржы полициясы, айыптаушы прокурордың жалдап алған адамы сияқты, өкінішті, әрине.
Ал
адвокаттың айтуынша, қайғылы оқиға үкім шығатын күні болған. Соңғы отырыста
оның әділдікке қолы жетпей, көңілі қалғанын еске алды.
Бахыт
Қайыржанов, марқұм Ө. Жампозовтың қорғаушысы:
Қазір
өздеріңіз естігендей, сот істі қайта қарайтын болды. Прокурорлар жақтан не болып
жатқаны әлі белгісіз. Біз ақпарат көздерінен көрдік «өз өзіне қол жұмсауға
дейін жеткізу» бабы бойынша іс қозғалыпты. Алайда бізді ешкім шақырған жоқ.
Дәуренбек Бақдәулет, тілші:
Соттың
келер отырысы осы айдың 31-не белгіленді. Қорғаушылар болса, сот іске қатысты жаңа деректерді де негізге
аларына сеніммен қарап отыр.