Оралда отбасылық
үлгідегі балалар ауылында арт-фестиваль өтті. Шара «Балаларға қуаныш сыйла»
акциясы аясында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ерекше байқауды өткізуге «Жас
Отан» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалы бастамашы болды.
Мақсат -
балалардың жазғы демалысты тиімді әрі қызықты өткізуіне жол ашу. Өнерге бейім
жеткіншектердің шығармашылығын дамыту. Арт-фестиваль үш кезеңнен тұрады.
Алғашқы сында балалар сүйікті кинокейіпкерлерінің киімін киіп, көрерменді тәнті
қылса, екінші кезеңде берілген тапсырманы орындап, түрлі эскиздер сызды.
Отбасылық үлгідегі балалар ауылында ата-анасынан айрылған бүлдіршіндер тұрады.
Олар ерекше қамқорлыққа мұқтаж. Сондықтан ұйымдастырушылар осы мекемені арнайы
таңдап алған.
Зарина Ықсанова, «Жас отан" ЖҚ БҚОФ менеджері:
Біздер
балалармен бір апта бойы дайындалдық. Себебі шара оңай өткізілетін шара емес.
Оған дайындық керек. Күнделікті өткізілетін ән байқауы әлде би байқауы емес,
арт-фестиваль бұл. Өзінің бір ерекшелігі бар. Әсіресе қыз балаларға өте
қызықты. Яғни өнерге қызығушылығы бар балаларға берері мол шара деп ойлаймыз.