Катар
Сирия келіссөздеріне Доха алаңын ұсынбақ. Бұл туралы Катардың Ресейдегі елшісі
айтты. "Бұл Астана мен Женева алаңын толықтыратын қосымша алаң
болады", - дейді Фахад бин Мухаммед аль-Аттыйя. Оның айтуынша, Катар Таяу
Шығыстағы талай дауға арағайындық танытқан ел. Сондықтан Сирия кикілжіңінде де
барлығының тілін тауып, қолайлы ортақ келесім жасауға күші жетеді деп отыр.
Айта кетейік, Сириядағы соғыстың басталғанына 6 жылға жуықтады. Ондағы атысты
тоқтату туралы келіссөз Женева мен Астанада өтіп келеді.