Русский Сайттың толық нұсқасы

Сирия келіссөздеріне Доха да алаңын ұсынбақ

  • AstanaTV
  • 25 шілде 2017
  • 1955

Катар Сирия келіссөздеріне Доха алаңын ұсынбақ. Бұл туралы Катардың Ресейдегі елшісі айтты. "Бұл Астана мен Женева алаңын толықтыратын қосымша алаң болады", - дейді Фахад бин Мухаммед аль-Аттыйя. Оның айтуынша, Катар Таяу Шығыстағы талай дауға арағайындық танытқан ел. Сондықтан Сирия кикілжіңінде де барлығының тілін тауып, қолайлы ортақ келесім жасауға күші жетеді деп отыр.

Айта кетейік, Сириядағы соғыстың басталғанына 6 жылға жуықтады. Ондағы атысты тоқтату туралы келіссөз Женева мен Астанада өтіп келеді.